Accessibility links

Грекия халықаралық несие берушілермен келісе алмады


Грекия қаржы министрі Янис Варуфакис.

Грекия қаржы министрі Янис Варуфакис.

Грекия мен еуроны қолдатанатын 19 елдегі несие берушілер арасындағы келіссөз нәтижесіз аяқталды. Брюссельде төтенше кездесу өткізген тараптар тіпті ешқандай мәлімдеме жасамастан тарқасты.

Грекияның жаңа солшыл радикалдық үкіметі елдің 240 миллиард еуроны құрайтын сыртқы қарызына қатысты шарттарды қайта қарағысы келеді. Үкімет Грекияның экономикалық қиындықтарға халықаралық несие берушілер талабына сай енгізілген қатаң экономикалық саясаттан көреді. Бірақ Еуропа Одағы (ЕО) шенеуніктері Грекияның шарттарды қайта қарау ұсынысынан бас тартып келеді.

Еуро қолданатын елдер қаржы министрлері ақпанның 16-сында Грекия қаржы министрі Янис Варуфакиспен қайта кездеседі. Варуфакис сол кезде келіссөзде алға ілгерілеушілік болады деген үмітте екенін білдірді.

Еуропа қаржы министрлері тобының басшысы Джероен Дисселблум кездесуде "тіпті Грекия ұсынысының егжей-тегжейлі қаралмағанын" айтып, ол үшін біраз уақыт қажетін білдірген.

XS
SM
MD
LG