Accessibility links

Серік Ахметовтің ісін тергеу аяқталды


Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов.

"Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, таяуда іс сотқа беріледі" деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің Қарағандының Қазыбек би аудандық сотына сілтеме жасап хабарлауынша, Ахметов пен оның адвокаттары іс материалдарымен танысып жатыр.

Сот әзірге Серік Ахметовтің "аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру" ісі бойынша күдікті екенін айтқан. Ол қазір 18 ақпанға дейін үйқамақта отыр. Сот тергеушілерден Ахметовті бұлтартпау шарасының мерзімін ұзартуға өтініш түскенін айтады.

Серік Ахметов өзіне тағылған айыпты мойындамайды.​

XS
SM
MD
LG