Accessibility links

Рудный тұрғынына өтемақы төлеу шешімі күшінде қалды


Расим Байрамов (ортада), оның адвокаты Снежанна Ким (сол жақта) Қазақстан адам құқығы бюросының Қостанай облыстық филиалының жетекшісі Анастасия Миллер. Қостанай. 12 ақпан, 2015 жыл.

Расим Байрамов (ортада), оның адвокаты Снежанна Ким (сол жақта) Қазақстан адам құқығы бюросының Қостанай облыстық филиалының жетекшісі Анастасия Миллер. Қостанай. 12 ақпан, 2015 жыл.

Қостанай облыстық сотының апелляциялық алқасы облыстық ішкі істер департаментінің БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетінің шешімін орындау туралы алғашқы сот шешіміне берген шағымын қанағаттандырмай тастады. Бұл туралы бүгін Азаттыққа Қазақстан адам құқықтары бюросы Қостанай облыстық филиалының жетекшісі Анастасия Миллер хабарлады.

Осыдан бастап Қостанай қалалық сотының өткен жылғы желтоқсанда облыстық ішкі істер департаментін БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінің шешімін орындап, Рудный тұрғыны Расим Байрамовқа азапталғаны үшін 100 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттеген шешімі күшіне енеді.

Бұған дейін полиция мен прокуратура Қостанай қалалық сотының шешіміне қарсылық білдіріп, облыстық сотқа шағым түсірген. Бірақ бүгінгі ост отырысында прокуратура қарсылығын қайтарып алған. ІІД өкілі сотта өтемақы төлеуге қарсы емесін, бірақ 100 мың теңге өтемақыны көп санайтынын айтқан.

Расим Байрамов 2008 жылы дүкеннен ақша мен үш бөтелке сыра ұрлады деген айыппен бес жылға сотталған. Үш жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан ол өзін полицейлер азаптап, "қылмысын мойындатқанын" айтқан.

Өткен жылы көктемде БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитеті Расим Байрамовтың шағымына қатысты шешім шығарған. Комитет Қазақстан уақытында шынайы тергеу жүргізбеді деп, кінәлілерді жазалап, тартқан азабы үшін жәбірленушіге тиісті өтемақы төлеу мен оны оңалту шараларын ұйымдастыруды міндеттеген шешімін Астанаға жолдаған.

XS
SM
MD
LG