Accessibility links

Министр: "Болашақ" бағдарламасы жабылмайды


Қазақстан білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов
Қазақстан білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов

Қазақстан білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов министрліктің 2014 жылды қорытындылау отырысында "Болашақ" бағдарламасы қысқармайтынын, бірақ қаржы үнемдеу үшін шарттарға өзгеріс енетінін мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, енді "Болашақ" бағдарламасына түскен талапкерлер тілдік курсты шетелде емес Қазақстанда оқиды. Осының арқасында министрлік 2 миллиард теңгеге дейін үнемдеуді жоспарлап отыр.

Министр Сәрінжіпов 2015 жылы Қазақстанда жаңа 110 мектеп салынатынын, арнайы топтағы балаларға мектепте тегін тамақ беру жұмыстары жалғаса беретінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG