Accessibility links

Маңғыстауда жұмысшылар қысқартуға наразылық білдірді


Ресейлік "Юговосточная сервисная группа" компаниясының қазақстандық жұмысшылары наразылық жиынында отыр. Ақтау, 12 ақпан 2015 жыл.

Ресейлік "Юговосточная сервисная группа" компаниясының қазақстандық жұмысшылары наразылық жиынында отыр. Ақтау, 12 ақпан 2015 жыл.

Маңғыстау облысындағы "Бозащы Оперейтинг", "Қарақұдық мұнай" және "Аңсаған Петролеум" компанияларына сервистік қызмет көрсететін ресейлік "Юговосточная сервисная группа" (ЮВСГ) компаниясының жүзден астам жұмысшысы бүгін Ақтауда жұмыстан қысқартуға наразылық танытып, облыстық кәсіподақ кеңесі үйіне жиналды.

Жиналғандардың айтуынша, олардың 33-і таяуда ЮВСГ компаниясынан қысқарту туралы ескрету алған, қалған 80-нен астамы бүдан бірнеше ай бұрын жалақысының елу пайызы ғана төленетін еңбек демалысына шыққан. Жиынға облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы мен "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының өкілі де қатысып отыр.

Жұмысшылар компанияда жұмыстан қысқарту мәселесі өткен жылдың қараша айынан бастап көтерілгенін айтады.

Жұмысшылар қазір мәселеріне қатысты жиынға шақыртылған компания мен прокуратура өкілдерін күтіп отыр.

ЮВСГ компаниясының директорының орынбасары Александр Дажин бұған дейін Азаттыққа 33 жұмысшыға берілген қысқартуды қайтарып алатындарын, жұмысшылар мүлдем қысқартылмайтынын айтқан. Дажин есесіне жұмысшыларға бір-екі ай мерзімге елу пайыздық жалақы төленетін еңбек демалысына шығу ұсынылатынын айтқан. Бірақ жұмысшылар бұл ұсынысқа келіспейді.

XS
SM
MD
LG