Accessibility links

БҰҰ ИМ-ді қаржыландаруға қарсы қарар қабылдады


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиыны, Нью-Йорк. (Көрнекі сурет).
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиыны, Нью-Йорк. (Көрнекі сурет).

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымы мен "әл-Қаида" террористік ұйымымен байланысы бар Сириядағы "Әл-Нусра майданы" сияқты топтарды қаржыландыруды тоқтату туралы қарарды бірауыздан мақұлдады.

Қауіпсіздік кеңесіне мүше 15 ел түгел қолдаған құжатта экстремистік топтар мен ұйымдардан сатып алатын компаниялар мен жекелеген адамдарға қарсы санкция салуға және Сириядан шығарылған мәдени құндылықтарды саудалауды тоқтату шараларын қабылдауға шақырады. Қазірдің өзінде Ирактан шыққан тарихи жәдігерлерді саудалауға тыйым салынған.

Ресей ұсынған бұл қарар орындалуға міндетті. Құжат БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қарарды бұзғандарға қарсы санкция салуға құқық береді.

XS
SM
MD
LG