Accessibility links

Меркель мен Олланд Мәскеуге ескерту жасады


Германия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) мен Франция президенті Франсуа Олланд. Минск, 12 ақпан 2015 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) мен Франция президенті Франсуа Олланд. Минск, 12 ақпан 2015 жыл.

Франция президенті Франсуа Олланд пен Германия канцлері Ангела Меркель ақпанның 12-сінде Мәскеуді Минскіде жасалған келісім орындалмаған жағдайда жаңа санкциялар салынатынын ескертті.

Меркель Брюссельде өткізген баспасөз жиынында Еуропа елдерінің басшылары Еуропа комиссиясынан Минск келісімі бұзылған жағдайда салынатын санкцияларды даярлап қоюды сұрағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі санкциялар бітім шарттары орындалған жағдайда ғана жойылады.

Франция президенті Франсуа Олланд та осыған ұқсас ескерту жасады. Ол қақтығысты тоқтату келісімінің шарттары бұлжымай орындалса салынған санкцияларды біртіндеп жеңілдету процесі басталатынын айтты. Олландтың сөзінше, әзірге Мәскеудің тапсырысымен Францияда жасалған "Мистраль" тікұшақ тасығышын Ресейге беруге себеп жоқ.

Еуропа Одағы өткен жылы Қырымды аннексиялаумен және Шығыс Украинадағы қақтығысқа қатысы бар ресейлік шенеуніктер мен сепаратистер жетекшілерінің активтерін бұғаулап, Еуропаға баруына тыйым салған. Бұған қоса ресейлік компаниялардың Еуропа қаржы қорларына шығуына шектеу қойылған.

XS
SM
MD
LG