Accessibility links

АҚШ сенаты Пентагонның жаңа басшысын мақұлдады


АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.

АҚШ сенаты президент Барак Обаманың қорғаныс министрі қызметіне ұсынған 60 жастағы Эштон Картердің канидидатурасын қолдады. Картер бұл қызметте өткен жылы отставкаға кеткен Чак Хейгелдің орнына келеді.

Картер 2011 жылдан 2013 жылға дейін қорғаныс министрі орынбасары болған.

Эштон Картер бұған дейін сенатқа Украинаға ресейшіл сепаратистермен күреске көмектесуге қару-жарақ беруге бейіл екенін мәлімдеген. Ол бұған қоса егер Ауғанстандағы жағдай нашарласа, бұл елден АҚШ әскерін 2016 жылдың соңына қарай әкету жоспарын қайта қарауға дайын екенін де білдірген.

Картер Обама президент болғаннан бергі төртінші қорғаныс министрі болып отыр.

XS
SM
MD
LG