Accessibility links

Алматыда велосипедшілер акциясы өтті


"Қыста жұмысқа велосипедпен барайық" акциясына қатысушылар. Алматы, 13 ақпан 2015 жыл.

"Қыста жұмысқа велосипедпен барайық" акциясына қатысушылар. Алматы, 13 ақпан 2015 жыл.

Бүгін Алматыда бірнеше велосипедші "Қыста жұмысқа велосипедпен барамыз" халықаралық акциясына қатысты.

Қала орталығында, Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында таңертеңгі сағат тоғыздарда он шақты велосипедші жұмысқа велосипедпен шықты.Тағы бірнеше велосипедші, оның ішінде Алматыдағы акцияға бастамашы болған 50 жастағы Тимур Джуркашев акцияға кештеу қосылды.

"International Winter Bike to Work Day" акциясы әлемде осымен үшінші жыл қатарынан өтіп келеді. Алматыда акция бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Тимур Джуркашевтің айтуынша, өткен жылы акцияға әлемде велосипедшілер акциясына екі мыңнан астам адам ғана тіркелген, ал биыл акцияға қатысуға тілек білдіргендер саны былтырғыдан үш есе көп.

Акцияға қатысушылар Алматыда велосипед жүруіне арналған жолдар өте аз дейді. Азаттық бұған дейін қала тұрғындары велосипедке қажетті инфрақұрылымдар жоғына шағымданатыны жайлы жазған.

XS
SM
MD
LG