Accessibility links

ЕО терроризмге қарсы шараларды мақұлдады


ЕО елдері басшылары саммит кезінде. Брюссель, 12 ақпан 2015 жыл.

ЕО елдері басшылары саммит кезінде. Брюссель, 12 ақпан 2015 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) елдері басшылары 12 ақпанда Брюссельде өткен саммитте ЕО-ны терроризмнен қорғау шараларын күшейтуге келісті.

Келісілген шаралар арасында әуе тасымалы туралы деректермен алмасу, жолаушыларға шекаралық бақылауды күшейту, терроризм мен экстремизмге үндейтін интернет материалдарын тауып, жо. жұмыстары бар.

ЕО басшылары саммитте жасаған бірлескен мәлімдемесінде "Әрбір азаматтың ұстанымы мен сенімі қандай екеніне қарамастан үрей мен қорқыныштан адам өмір сүруге хақы бар. Біз ортақ құндылықтарымызды сақтап, оларды этникалық немесе діни сипаттағы зорлық-зомбылықтан және нәсілшілдіктен қорғаймыз" делінген.

7-9 қаңтар аралығында Парижде күдікті исламшылардың сатиралық журналға, полиция мен еврей тағамдары дүкеніне жасалған шабуылдардан 17 адам мерт болған. Бұл оқиғалардан соң Еуропаның бірнеше елінде антитеррористік операциялар мен рейдтер жүргізіліп, терроризм күдігімен бірнеше адам ұсталған.

XS
SM
MD
LG