Accessibility links

Мұрат Оспанов айыппұлмен босатылды


Оспанов босатылды
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:51 0:00

ВИДЕО: Мұрат Оспановтың үкімі. Астана. 13 ақпан, 2015 жыл.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарылық соты табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспановты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен сот залынан босатты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Ақпанның 13-і күні судья Ербол Рахымбеков Мұрат Оспановқа "коррупциялық қылмыс жасады" деп айыптап, 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге айыппұл салып, дүние-мүлкін тәркілеуге үкім шығарды. Үкім бойынша, Оспанов айыппұлды бір ай мерзімде төлеуі тиіс.

Бұған дейінгі сот процесінде мемлекеттік айыптаушы, прокурор Сандуғаш Рысбаева судьядан Мұрат Оспановты "коррупциялық қылмыс жасады" деп танып, 11 жылға соттауды сұраған болатын. Ал сот материалдары бойынша "пара берді" деп айыпталған Арман Ақтайды "Оспанов тарапынан бопсалаушылық болғанын ескеріп", қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған еді. Тиісінше, Арман Ақтай қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Тергеу материалдарында Мұрат Оспановтың агенттік басшысы болып тұрған кезде Арман Ақтайдан "Атырауда электр қуаты бағасын қымбаттатуға рұқсат алу үшін 300 мың АҚШ доллары көлемінде пара сұрағаны" айтылған.

Кейін Оспанов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазып, кешірім сұрап, "президент артқан сенімді ақтамағанына" өкініш білдірген.

Бұл сот процесі өткен жылдың қарашасында басталған. Мұрат Оспановты 2014 жылы шілденің 1-і күні сол кездегі қаржы полициясы "пара алды" деген күдікпен ұстаған. Оспанов агенттік төрағасы қызметін екі жыл атқарған.

XS
SM
MD
LG