Accessibility links

Чад: "Боко Харам" шабуылынан 5 адам қаза тапты


"Боко Харам" туын ұстап тұрған ұйым жетекшісі Абубакар Шекар

"Боко Харам" туын ұстап тұрған ұйым жетекшісі Абубакар Шекар

13 ақпандағы "Боко Харам" экстремистік тобының Чадта жасаған шабуылдан кем дегенде бес адам мерт болған.

Чад үкіметінің мәлімдеуінше, 30 "Боко Харам" мүшесі Чад көлінің жанындағы Нгоубоуа ауылына таң ата шабуыл жасап, үйлерді өртеген.

Бұл - "Боко Харамның" Чад еліне жасаған алғашқы шабуылы.

"Боко Харам" экстремистік тобы Нигерияда "ислам мемлекетін" құру үшін бес жыл бойы қарулы шабуылдар жасап келеді. Соңғы уақытта "Боко Харам" Камерун мен Нигердің де шағын қалаларына шабуыл ұйымдастырған.

Осы уақытқа дейін бұл топ мыңдаған адамды өлтіріп, жүздеген адамды кепілге алды.

XS
SM
MD
LG