Accessibility links

Бұрынғы прокурор бір жылға сотталды


Алматы қаласы бойынша бас прокуратураның құқықтық статистика комитетінің арнайы есеп бөлімінің бұрынғы прокуроры Ақмарал Ізтаева. Алматы, 13 ақпан 2015 жыл

Алматы қаласы бойынша бас прокуратураның құқықтық статистика комитетінің арнайы есеп бөлімінің бұрынғы прокуроры Ақмарал Ізтаева. Алматы, 13 ақпан 2015 жыл

Алматы қаласы бойынша бас прокуратураның құқықтық статистика комитетінің арнайы есеп бөлімінің бұрынғы прокуроры Ақмарал Ізтаева екі әріптесіне жала жапты деген айыппен бір жыл бас бостандығынан айырылды. Одан үкім күшіне енгенге дейін қаладан шықпау туралы қолхат алынған.

Бостандық ауданы сотының судьясы Елена Кван екі тарап та үкім үстінен апелляциялық шағым түсіруге хақылы екенін түсіндірді. Ақмарал Ізтаева соттан соң үкімді негізсіз деп танитынын, шағым беретінін айтты.

Зәбір көруші деп танылған бас прокуратураның Алматы бойынша құқықтық статистика комитетінің басқарма бастығы подполковник Руслан Исаев пен орынбасары майор Нұржан Мағажанов сот отырысына қатыспады.

ADAM bol журналының былтырғы 7 қараша күнгі санында Ақмарал Ізтаева берген мәлімет негізінде материал басылған. Мақалада аттары аталған Руслан Исаев пен Нұржан Мағажанов Ақмарал Ізтаеваны БАҚ арқылы қоғам алдында жала жапты деп сотқа берген еді.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG