Accessibility links

Аргентина президентіне айып тағылды


Аргентина президенті Кристина Киршнер (оң жақта) мен сыртқы істер министрі Эктор Тимерман.
Аргентина президенті Кристина Киршнер (оң жақта) мен сыртқы істер министрі Эктор Тимерман.

Аргентина президенті Кристина Киршнерге 1994 жылы Буэнос-Айрестегі еврей орталығында болған терактіге Иранға қатысы жайлы болжам деректерін жасырған деген ресми айып тағылды.

Прокурор Херардо Польисита аталған теракт бойынша тергеу жүргізген Альберто Нисманның биыл қаңтардың 16-с күні берген талап-арызы негізінде президентке айып таққан. Талап-арызды берген соң төрт күннен кейін прокурор Нисман өз пәтерінде өлі күйінде табылған. Ол президент пен оның төңірегіндегі бірнеше тұлғаны 20 жыл бұрынғы терактіге қатысты әшкерелеп парламентте сөйлемекші болған.

Аргентина заңы бойынша, ел президенті ретінде Кристина Киршнер қылмыстық жауапқа тартылмайды. Оның президенттік қызмет өкілеті 2015 жылдың соңында аяқталады.

Еврей орталығындағы терактіні тергеуге кедергі келтіргендері туралы ақпаратты жоққа шығарған жоғары лауазымдағы шенеуніктердің арасында сыртқы істер министрі Эктор Тимерман да бар.

Буэнос-Айресте 1994 жылы болған теракт салдарынан 85 адам қаза болған.

XS
SM
MD
LG