Accessibility links

АҚШ: Мәскеу Савченконы дереу босатуы керек


АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки.
АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки.

АҚШ Украинаның шығысындағы белгіленген сызық бойында, соның ішінде көптеген бейбіт тұрғындар тұрып жатқан аудандарда әскери іс-қимылдардың тоқтамай отырғанына алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы жұма күні АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеген.

«Бұның бәрі осы аптада қол қойылған келісім мақсатына қайшы келеді. Барлық тараптар атысты тоқтату режимі күшіне енетін жексенбіге дейін ұстамдылық танытуы тиіс, сонымен бірге ресейлік және сепаратистік күштер Дебальцевоға шабуылды доғару керек» деген ол.

Псаки Мәскеуді Минск келісімінің негізгі баптарының бірін орындаудан – Ресей түрмесінде отырған украиналық ұшқыш Надежда Савченконы босатудан жалтарып отыр деп айыптады. Мемлекеттік департамент өкілінің айтуынша, «ресей үкіметі кепілде ұстап отырған Савченконы дереу босатуы тиіс».

АҚШ өкілдерінің мәлімдеуінше, Ақ үй әзірше Украинаға қорғаныс мақсатындағы әскери қару-жарақ беру мәселесін шешуді кейінге қалдырған. Вашингтон атысты доғару туралы келісім күшіне енген соң ахуалдың қалай өрбитіндігіне қатысты шешім қабылдамақ.

XS
SM
MD
LG