Accessibility links

Ғаламдық жылымық жайлы құжат жобасын 200-дей ел құптады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ғаламдық климаттың жылынуына қарсы күрес жөніндегі келісім жобасына жұма күні әлемнің 200-ге жуық мемлекеті қол қойды.

Алайда, жер бетінде ауа температурасының жылдық орташа көрсеткішінің жоғарылауына себеп болып отырған атмосфераға бөлінетін «парник газының» көлемін қысқарту жолдары жайлы ең күрделі мәселелер бойынша шешім қабылдау әзірше кейінге шегерілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттың өзгеруі жөніндегі конвенциясына қатысушы елдердің делегаттары бір апта бойы Женева қаласында аталған құжат жобасына қатысты ұсыныстарды талқылады. Ғаламдық климатқа қарсы күрес жөніндегі келісімге биыл қараша айында әлем елдерінің басшылары қол қояды деп жоспарланған.

Жаңа құжат 1997 жылы қабылданған Киото хаттамасын алмастыруы тиіс.

XS
SM
MD
LG