Accessibility links

Ресей тағы бір ұйымды «шетел агенті» тізіміне алды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ресейдің Пермь аймағында «Азаматтық талдау және тәуелсіз зерттеу орталығы» қоры (қысқаша – ГРАНИ) қоғамдық ұйымы «шетелдік агенттер» тізіміне алынды.

ГРАНИ-ге жоспардан тыс тексеру жүргізген Ресей әділет министрлігі қордың қызметінде заңмен белгіленген шетелдік агентке жататын коммерциялық емес ұйымдар сипаттамалары бар деп тапқан.

2007 жылы құрылған ГРАНИ қорының мақсаты – азаматтар мен бірлестіктердің қызметіне, соның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылына жан-жақты қолдау таныту.

Ресейде 2012 жылдың соңында қабылданған коммерциялық емес ұйымдар - «шетелдік агенттер» туралы заңға сәйкес, саяси қызметпен айналысатын және шетелден қаржыландырылатын коммерциялық емес ұйымдар «шетел агенті» ретінде тіркелуге міндетті.

2014 жылы маусымда бұл заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, әділет министрлігіне коммерциялық ұйымдарды осы тізімге мәжбүрлі түрде енгізу құқығы берілген. Ресейдегі кейбір коммерциялық емес ұйымдар өздерін «шетел агенті» тізіміне алған билік шешімімен келіспей, соттасып жатыр.

XS
SM
MD
LG