Accessibility links

CPJ: Хадижа Исмаилова дереу босатылсын


Әзербайжандық журналист Хадижа Исмаилова.
Әзербайжандық журналист Хадижа Исмаилова.

The Committee to Protect Journalists – CPJ (Журналистерді қорғау комитеті) Әзербайжан билігін журналист Хадижа Исмаиловаға тағылған барлық айыптарды алып тастап, оны дереу босатуға шақырды.

Халықаралық комитетттің Еуропа және Орталық Азия елдеріне арналған бағдарламаларының үйлестірушісі Нина Огнянова «әзербайжан билігі коррупция және адам құқықтарының бұзылу тақырыптарына зерттеу жүргізетін журналистерге жалған айыптар тағып, олардың аузын жапқысы келетіні ешкімге құпия емес» деп мәлімдеген.

Азаттықтың Әзербайжан қызметінің журналисі Хадижа Исмаиловаға жұма күні жаңа айыптар тағылған. Оның адвокаты Фариз Намазлының айтуынша, тергеу орындары журналистке «ұрлық қылған», «қызмет өкілетін асырған», «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан» және «салықтан жалтарған» деген айыптар таққан. Егер сот оны айыпты деп таныса, журналист 19 жылға сотталуы мүмкін. Исмаилова өзіне тағылған айыптарды мойындамайды дейді адвокат.

Amnesty International халықаралық құқыққорғау ұйымы былтырғы желтоқсан айынан бері Әзербайжанда түрмеде отырған журналист Хадижа Исмаилованы «ар-ождан тұтқыны» деп таныған.

2014 жылы 26 желтоқсанда Әзербайжан билігі Азаттықтың Бакудегі бюросының кеңсесіне тінту жүргізіп, есігіне құлып салған. Бюроның ондаған қызметкерінен жауап алған.

XS
SM
MD
LG