Accessibility links

Канада полициясы терактінің алдын алғанын айтады


Канада полицейлері арнайы операция кезінде. Монктон, 4 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Канада полицейлері арнайы операция кезінде. Монктон, 4 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Канада полициясы Валентин әулиенің күні, яғни ақпанның 14-інде Жаңа Шотландия провинциясының шығысындағы Галифакс қаласында жаппай кісі өлтіру қылмысының алдын алғаны туралы хабарлады.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, шабуыл ұйымдастырмақ болған деген күдікпен үш жас азамат ұсталған, тағы біреуі өлі күйінде табылған. Ұсталғандардың біреуі әйел адам екені айтылады.

Жаңа Шотландия полициясының қызметкері Брайан Бреннанның сөзінше, күдіктілер қала тұрғындарына оқ жаудырып, соңынан өздеріне өздері қол жұмсап өлмек болған. Полиция өкілі күдікті топ мүшелерінің бейбіт тұрғындарға шабуылды қандай мақсатпен ұйымдастырмақ болғаны әзірше белгісіз қалып отырғанын айтады. Бұл іс бойынша қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG