Accessibility links

Денис Тен "Төрт құрлық жарысында" алтын алды


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен.

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде мұзда мәнерлеп сырғанаудан өткен "Төрт құрлық чемпионатында" қазақстандық Денис Тен қысқа бағдарлама бойынша 97,61 ұпай, ал негізгі бағдарламада 191,85 ұпай иеленді. Қоссайыс қортындысында 289,46 ұпай еншіленген Тен "Төрт құрлық чемпионатының" жеңімпазы атанды.

Күміс жүлдені америкалық Джоши Фаррис (260.01 ұпай), ал қола медальді қытайлық Хан Ян ( 259,47 ұпай) иеленді.

Денис Тен енді наурыздың 22-26 аралығында Шанхайда өтетін әлем чемпионатына қатысады. Тен 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2014 жылы Сочи олимпиадасының қола медалін алған.

"Төрт құрлық чемпионаты"- жыл сайын ұйымдастырылатын Оңтүстік және Солтүстік Америка, Азия мен Австралия мәнерлеп сырғанаушылары қатысатын халықаралық жарыс.

XS
SM
MD
LG