Accessibility links

Копенгагенде екі шабуылдан екі адам мерт болды


Дания астанасы Копенгаген қаласында ақпанның 14-і күні атыс қаруы қолданылған екі оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам зардап шеккен.

Белгісіз екеу ислам және сөз еркіндігі тақырыбына арналған жиын өтіп жатқан ғимаратқа қарудан оқ жаудырған. Атыс салдарынан бір адам қаза тауып, жиын өтіп жатқан жерде тәртіпті бақылап тұрған үш полиция қызметкері жараланған. Шабуыл жасағандар оқиға орнынан із жасырған. Жиынға қатысушылар арасында Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын салған швед суретшісі Ларс Вилкс және Францияның Даниядағы елгісі Франсуа Зимерей болған. Суретші де, дипломат та зардап шекпеген.

Осы оқиғадан кейін бірнеше сағат өткенде билік орындары Копенгагендегі синагога жанында қарулы шабуыл жасалғаны туралы хабарлады. Басынан оқ тиген ер адам көп ұзамай қаза болған. Екі полиция қызметкері жараланған. Шабуыл жасаған қылмыскер қашып кеткен.

Бұл екі қылмыстық оқиғаның бір бірімен байланысы бар-жоғы әзірше белгісіз.

XS
SM
MD
LG