Accessibility links

Назарбаев пен Порошенко бейбіт келісім жайлы сөйлесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 22 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 22 желтоқсан 2014 жыл.

Cенбі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады Ақорда сайты.

Екі ел басшылары Украина дағдарысын реттеуге байланысты өткен Минск кездесуінің қорытындыларын талқылаған.

"Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу үдерісін ілгерілетуге қосқан жеке қомақты үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтқан Украина президенті осы бағытта одан әрі қарай күш-жігер жұмсай беруін өтінді" делінген ресми ақпаратта.

Порошенко Украина жағы оқ атуды белгіленген уақытта тоқтататынына сендіре отырып, екінші жақтың да осылай әрекет етуі қажет екендігіне назар аударған.

Назарбаев қақтығысып жатқан тараптар Минск келісімінде қабылданған кешенді шаралардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз еткені маңызды екенін, "бүкіл әлем осыны күтіп отырғанын" айтқан. Телефон әңгімесі Украина жағының бастамасы бойынша өтті деп хабарлады Ақорда.

Бұған дейін сенбі күні Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлескені хабарланған.

XS
SM
MD
LG