Accessibility links

Алматыдан 342 шақырымда жер сілкінді


Жер сілкінісін тіркейтін құрал жазбасы. (Көрнекі сурет)

Жер сілкінісін тіркейтін құрал жазбасы. (Көрнекі сурет)

Сенбі күні Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 342 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

"Ақпанның 14-і күні Алматы уақытымен 21 сағат 52 минут 37 секундта Қазақстанмен көрші Қытай аумағында 4,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 10 километр тереңдікте болған" делінген орталық сайтындағы ақпаратта.

Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы аймағында сезілмеген және зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG