Accessibility links

Атырауда жол-көлік апатынан үш адам қайтыс болды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстанның батысындағы Атырау-Орал тас жолында сенбі күні автокөлік апатынан төрт адам мерт болған. Бұл туралы атыраулық «Ақ Жайық» басылымының сайты хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы ақпанның 14-і күні Сарайшық кенті аумағында болған. Полицияның хабарлауынша, «Volkswagen Sharan» жеңіл автокөлігі жол үстінде жүк көлігімен бетпе бет соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктегі төрт адам оқиға орнында қаза болған.

Бұдан бір апта бұрын Құлсары-Атырау тас жолында жүк көлігімен бетпе бет соқтығысқан жеңіл автокөліктегі Украинаның үш азаматы мерт болған еді.

XS
SM
MD
LG