Accessibility links

Зарина Дияс WTA рейтингісінде 33-орында тұр


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс WTA-ның (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) жаңартылған рейтингінде 33-орнын сақтап қалды.

Қазақстандық басқа теннисші Ярослава Шведова бұған дейінгі 51-орыннан 53-орынға түскен. Тағы бір теннисші Юлия Путинцева 111-орыннан 110-орынға көтерілген.

Әлемдік рейтингті америкалық теннисші Серена Уильямс бастап тұр. Екінші орында ресейлік Мария Шарапова, үшінші орында - Чехия теннисшісі Петр Квитова орналасқан.

XS
SM
MD
LG