Accessibility links

Назарбаева ерте сайлау жайлы түсінік беруден бас тартты


Парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева.
Парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы, парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынған елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу жайында түсінік беруден бас тартты. Парламент отырысының арасындағы үзілісте Назарбаева мерзімінен бұрын сайлау өткізуді "өз алдына жеке тақырып" деген.

Бүгін биліктегі "Нұр Отан" партиясы елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу ұсынысын қолдайтынын мәлімдеп, қазақстандықтарды, барлық саяси және қоғамдық күштерді ұсынысты қолдауға шақырған.

Ақпанның 14-інде Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков биыл елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынған. Ассамблея мүшелері "Нұрсұлтан Назарбаевқа елді әлемдік сынақтан аман алып шығу үшін жалпы халық болып жаңа өкілеттік беру қажет" деп мәлімдеген.

Қазақстанды 1989 жылдан бері басқарып отырған президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы болып саналады. Елде кезекті президент сайлауы 2016 жылы өтуі тиіс. Қазақстан Конституциясы бойынша Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлауға түсуіне шектеу қойылмаған.

XS
SM
MD
LG