Accessibility links

Копенгагендегі шабуылға қатысты екі адам ұсталды


Копенгагендегі қарулы шабуыл болған жерде тұрған полиция өкілдері. Дания, 14 ақпан 2015 жыл.
Копенгагендегі қарулы шабуыл болған жерде тұрған полиция өкілдері. Дания, 14 ақпан 2015 жыл.

Дания полициясы бүгін Копенгагенде ақпанның 14-і күні болған қарулы шабуылдарға күдіктіге көмектескен болуы ықтимал екі адам тұтқындалғаны туралы хабарлады. Полиция ұсталғандардың аты-жөндерін атамады. Полиция болжамы бойынша, ұсталғандар қарулы адамға "кеңес беріп отырған".

Ақпанның 14-інде Дания астанасында сөз бостандығына қатысты жиынға қатысушыларға және синагога маңында жасалған екі шабуыл салдарынан екі адам - даниялық режиссер мен синагогаға келушілердің бірі қаза тауып, бес полицей жараланған. Жексенбі күні таңертең полициямен атыста оққа ұшқан 22 жастағы даниялық жігіт қарулы шабуылға күдікті саналады. Тергеушілер сенбі күнгі қылмысты жасаған радикалды исламшыл болуы мүмкін деп жорамалдайды.

Полиция шабуыл жасаған адамның Данияда туып-өскенін хабарлағанымен, аты-жөнін жарияламаған. Бірақ даниялық ақпарат құралдары шабуыл жасаған адамды "Омар әл-Хуссейн" деп атап жатыр.

XS
SM
MD
LG