Accessibility links

Кезектен тыс президент сайлауын мәжіліс қолдады


Астанадағы парламент мәжілісінің ғимараты.

Астанадағы парламент мәжілісінің ғимараты.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауын өткізуді парламент мәжілісі депутаттары да қолдайды.

Бүгін мәжілістің арнайы жиынынан кейін журналистерге сұхбат берген депутат Зағипа Балиева кезектен тыс президент сайлауын әріптестерінің барлығы қолдағанын мәлімдеді.

Қазақстан халқы ассамблеясының елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы ұсынысын Қазақстан коммунистік халықтық партиясы мен "Ақ жол" партиясының фракциясынан сайланған депутаттар да қолдаған.​

Бұған дейін Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков Қазақстанда биыл "жақын уақытта" мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынған.

XS
SM
MD
LG