Accessibility links

Мэлс Елеусізов: Президенттік сайлауға түсуге дайынмын


"Табиғат" экологиялық қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов.

"Табиғат" экологиялық қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов.

"Табиғат" экологиялық қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов "егер уақытынан бұрын президент сайлауы өтсе, кандидатурасын ұсынатынын" айтты.

"Бағдарлама дайын, тек сайлауға өткізсе болды. Бағдарламам экологиялық мәселелер мен коррупциямен күреске негізделеді" деді Мэлс Елеусізов Азаттыққа.

Мэлс Елеусізов 2005 және 2011 жылғы президент сайлауларына да түскен. Ол 2011 жылғы сайлау кезінде қарсыласы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс бергенін мәлімдеген.

14 ақпанда Қазақстан халқы ассамблеясы елде уақытынан бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынған. Ассамблеяның бұл ұсынысын "Нұр Отан" партиясы, парламент мәжілісі, Қазақстан жазушылар одағы қолдайтындарын айтты.

XS
SM
MD
LG