Accessibility links

Венгрияда Путиннің сапарына қарсылық танытты


Ресей президенті Владимир Путиннің сапарына қарсылық акциясы. Будапешт, Венгрия, 16 ақпан 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путиннің сапарына қарсылық акциясы. Будапешт, Венгрия, 16 ақпан 2015 жыл.

Венгрия астанасы Будапеште ақпанның 16-сында Ресей президенті Владимир Путиннің сапарына қарсылық акциясы өтті. Ұйымдастырушылар демонстрацияға бірнеше жүз адам қатысқанын айтады.

Наразылық танытқандар қолдарына Путинге қарсы ұрандар жазылған плакаттар, Еуропа Одағы мен Украинаның туын ұстап шыққан.

Акцияда сөйлегендердің арасында Будапеште оқитын украиналық студент қыз да болды. Ол Ресейдің Украинадағы басқыншылығын айыптап, Мәскеу аннексиялап алған Қырымда заңсыздық күшейді деді.

Акция құқық қорғаушыларды біріктіретін Human Platform үкіметтік емес ұйымының бастамасы бойынша өтті.

Венгрия оппозициясы премьер-министр Виктор Орбанның елде батыс және шығыспен бірдей қарым-қатынас ұстайтын "қосвекторлық саясат орнатам" деген уәдесіне сенбейді.

ATB телеарнасына берген сұхбатында Human Platform ұйымы жетекшісі Мартон Гуляш Венгрия үшін "коррупцияға ұшыраған, журналистер мен жыныстық азшылық өкілдерін қудалап, азаматтық құқықты шектейтін мемлекетке емес" Еуропаға қарай бет алған пайдалы деген. Оның сөзінше, "бұлыңғыр венгр-ресей келісімі Венгрияны Ресейге экономикалық тұрғыдан тәуелді етеді".

XS
SM
MD
LG