Accessibility links

Сенат ерте сайлауды бейсенбіде талқылайды


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет)

Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет)

Қазақстан парламенті сенаты ақпанның 19-ында Қазақстан халқы ассамблеясының биыл елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы ұсынысын талқылайды.

Сенаттың ресми сайтында хабарланғандай, кеше палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев сенат бюросының отырысын өткізіп, ассамблея ұсынысын бейсенбі күні өтетін палатаның кезекті отырысының күн тәртібіне енгізген.

Ақпанның 14-інде Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысқандар елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу ұсынысын бірауыздан қолдаған. Ассамблея мүшелерінің халыққа үндеуінде "президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елді әлемдік сынақтан аман алып шығуы үшін жалпы халық болып жаңа өкілеттік беру қажет" делінген.

Кеше ассамблея ұсынысын биліктегі "Нұр Отан" партиясы да қолдаған. Партия азаматтар мен елдегі саяси күштерді мерзімінен бұрын сайлауды қолдауға шақырған.

XS
SM
MD
LG