Accessibility links

Ғани Қасымов қазіргі президентті сайлауға ұсынды


Қазақстан Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов.

Қазақстан Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов.

Қазақстан Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов мерзімінен бұрын президент сайлауы өткен жағдайда оған "Қазақстан 2050" жалпыұлттық демократиялық күштері коалициясы" атынан қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевты кандидат ретінде шығаруды ұсынды.

Астанада бүгін өткен жиында сөйлеген Ғани Қасымов өзі бұған дейін екі рет президент сайлауына түскенін, ендігі сайлауға кандидатурасын ұсынбайтынын айтқан.

Алты саяси партия, 18 қоғамдық бірлестік, 500-ден аса үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіретін «Қазақстан-2050» коалициясы 2009 жылы «Нұр Отан» партиясының бастамасымен құрылған.

Бұған дейін Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынған елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы бастамаға биліктегі "Нұр Отан" партиясы қолдау танытқан.

XS
SM
MD
LG