Accessibility links

Тәжікстан "Сирияға соғысқа шақырған" 13 адамды соттады


Душанбедегі Тәжікстан жоғарғы соты ғимараты.
Душанбедегі Тәжікстан жоғарғы соты ғимараты.

Бүгін Тәжікстан соты елде қызметіне тыйым салынған исламшыл топ мүшелерін "Соғды облысының тұрғындарын Сирияда содырлар қатарында соғысуға тартты" деген айыппен соттады. Тәжікстан жоғарғы сотының хабарлауынша, 26 мен 42 жас аралығындағы 13 адам 9-12 жыл аралығындағы мерзімдерге түрме жазасына кесілген.

Былтыр қарашада ұсталған он үш адамға "қылмыстық топ құрды, заңсыз қару ұстады және тыйым салынған "Жамаат Ансарулла" экстремистік ұйымына мүше болды" деген айыптар тағылған. Тергеушілер "Жамаат Ансарулла" ұйымы "Өзбекстан ислам қозғалысы" ұйымының бір қанаты деп санайды.

"Өзбекстан ислам қозғалысын" АҚҚ мемлекеттік департаменті халықаралық террористік ұйымдар тізіміне қосып, Орталық Азия елдері мен Ресей оның қызметіне тыйым салған. Ұйым қазір негізінен Ауғанстан мен Пәкістанда әрекет етеді.

XS
SM
MD
LG