Accessibility links

Парламент мәжілісі Назарбаевтан ерте сайлауды қолдауды сұрады


Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет)
Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет)

Мәжіліс депутаттары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу ұсынысын қолдауды сұрады.

Бүгін мәжіліс отырысында Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланған депутаттар Назарбаевтың атына 2015 жылы мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу ұсынысы бар үндеу жариялады. Өзге депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов Назарбаевтан президент сайлауы мерзімін белгілеуді сұрайтынын айтты.

Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы бастамасын биліктегі "Нұр Отан" партиясы қолдаған.

Ақпанның 17-і күні алты саяси партия, ондаған үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктірген "Қазақстан 2050" коалициясы да Қазақстанда президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG