Accessibility links

Әкім: Калачиден 34 отбасы көшірілді


Калачи ауылының маңында жүрген ұлттық ядролық орталықтың қызметкерлері. 7 қыркүйек 2014 жыл

Калачи ауылының маңында жүрген ұлттық ядролық орталықтың қызметкерлері. 7 қыркүйек 2014 жыл

Ақмола облысы әкімі Сергей Кулагин есеп беру кездесуінде "ұйқы дерті" факторлары тіркелген Калачи ауылынан 34 отбасы, оның ішінде 27 бала басқа аймаққа көшірілгенін мәлімдеді.

Әкім басқа аймаққа көшкен отбасыларға баспана, мал, қаржылай көмек берілгенін айтты.

Кулагиннің айтуынша, Калачиде тұратын 218 отбасының 124-і басқа аймаққа көшуге өтініш білдірген. Есеп бойынша қазір Калачиде 565 адам тұрып жатыр.

2013 жылдың наурызынан бері Калачи ауылының ондаған тұрғыны түсініксіз "ұйқы дертіне" шалдыға бастағаны хабарланған. Науқастар дел-сал болып, бастары ауырып, есте сақтау қабілеті нашарлап, ұйқы басатынын айтып шағымданған. Астанадан барған комиссиялар ауру себебін анықтай алмаған.

XS
SM
MD
LG