Accessibility links

"Ақпаратқа қолжетімділік туралы" заң жобасы даярланды


Парламент мәжілісінің отырысы. Астана, 18 ақпан 2015 жыл.

Парламент мәжілісінің отырысы. Астана, 18 ақпан 2015 жыл.

Парламенттің төменгі палатасы - мәжіліс "Ақпаратқа қолжетімділік туралы" заң жобасын даярлады деп хабарлады бүгін Астанада биліктегі "Нұр Отан" партиясының фракциясы өз отырысында.

Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, жаңа заң жобасы Қазақстанда әлеуметтік әділетті мемлекет құруға септесіп, елдегі коррупциямен күресте маңызды рөль атқармақ.

- Коррупцияға ең басты себептердің бірі - ақпараттың жоқтығы немесе жабықтығы. Біз бұл заң жобасын Қазақстанда коррупцияға қарсы орта қалыптастыру және онымен күресте тиімділікті арттырудың маңызды тетіктерінің бірі ретінде қарастыра аламыз, - деді Әшімбаев.

Құжатты дайындаушылар заң жобасы қабылданса Қазақстанда мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұлттық компаниялар мен бюджет қаржысын пайдаланушы заңды тұлғалардың ақпаратына еркін түрде қол жеткізуге болады дейді.

Заң жобасын даярлау 2009 жылы басталған. Мәулен Әшімбаевтың айтуына қарағанда, заң жобасы үкіметтің мақұлдауына жіберіліп, содан кейін ғана парламенттің жұмысшы тобының талқысына түседі.

XS
SM
MD
LG