Accessibility links

Украина әскері Дебальцеводан шығарыла бастады


Дебальцево маңында тұрған Украина әскерилері. 6 ақпан 2015 жыл.

Дебальцево маңында тұрған Украина әскерилері. 6 ақпан 2015 жыл.

Украиналық "Донбасс" батальоны командирі, Жоғарғы Рада депутаты Семен Семенченко украиналық әскердің Дебальцеводан шығарылып жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, "Дебальцево-Артемовск тас жолын сепаратистер бақылап тұр және олар Украина әскерінің Дебальцеводан шығуына кедергі келтіруге тырысып жатыр".

Украина қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, ақпанның 17-сі күні сепаратистер украин әскеріне бес рет ауыр артиллериямен шабуылдап, теміржол мен электр желілерін бүлдірген.

Сепаратистер Дебальцевода Украина әскерилері жаппай қару-жарақтарын тапсырып жатыр деп мәлімет таратты. Дебальцево үшін шайқастар барысында украиналық әскерилердің үлкен шығынға ұшырағаны туралы еріктілер де айтады деп хабарлады УНИАН сайты. Украинаның шығысындағы арнайы операциялар штабы әзірше бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.

XS
SM
MD
LG