Accessibility links

Алматы-2022. ХОК комиссиясы жұмысын аяқтады


Алматыдағы олимпиадалық обьектілердің орналасу картасы.
Алматыдағы олимпиадалық обьектілердің орналасу картасы.

18 ақпанда Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) бағалау комиссиясы Алматыдағы жұмысын аяқтады.

Комиссия Алматының 2022 жылғы олимпиаданы өткізу мүмкіндігін бағалап, негізгі спорт нысандарын аралап көрді.

Бағалау комиссиясын басқарған ХОК өкілі Александр Жуков "Алматы - 2022 жылғы олимпиаданы сәтті өткізуге мүмкіндігі бар қала" деп мәлімдеді.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) өкілі Андрей Крюков ХОК бағалау комиссиясының жұмысын қорытындылаған баспасөз мәслихатында "Алматы-2022" жобасын ел имиджін көтеруге арналғанын айтты.

"Әлеуметтік зерттеулер олимпиаданы өткізуге халықтың 10 пайызы ғана қарсы екенін көрсетті. Қазір олимпиадаға қанша қаржы кететіні туралы ақпарат көп. Біз олимпиада өткізер болсақ, қаржы мен шығындар көлемін халықтан жасырмай ашық айтамыз. Коррупция, ақшаны босқа шашуды алдын алу үшін қоғамды бақылау комиссиясы да құрылады" деді Крюков баспасөз мәслихатында.

ҰОК ұсынған Алматының кандидаттық кітабында Қазақстанның олимпиадаға 2 миллиард доллар жұмсайтыны көрсетілген.

ХОК бақылау комиссиясы 24-28 наурызда екінші кандидат қалаға - Пекинге барады.

2022 жылғы олимпиада өтетін қала 2015 жылы 31 шілдеде Куала Лумпурдегі ХОК сессиясында белгілі болады.

XS
SM
MD
LG