Accessibility links

Ұлыбритания: Украинадағы Ресей қаруын суретке түсірдік


Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі Украина шығысында түсірілді деп жариялаған ресейлік "Панцирь-С1" зениттік зымыран кешенінің суреттері.

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі Украина шығысында түсірілді деп жариялаған ресейлік "Панцирь-С1" зениттік зымыран кешенінің суреттері.

Ұлыбритания үкіметі Шығыс Украинада жүр делінген ресейлік соңғы үлгідегі "СА-22" зениттік зымыран кешендерінің суреттерін жариялады.

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, "Панцирь-С1" зениттік зымыран кешенінің суреттері Мәскеудің ресейшіл сепаратистерді тікелей қолдап отырғанының тағы бір дәлелі. Украина армиясында мұндай қару-жарақ түрі жоқ болғандықтан, сепаратистердің бұларды ұрыста қолға түсіруі мүмкін емес.

Суреттерде қару-жарақтардың Шахтерск қаласында 24 қаңтар мен 5 ақпанда және Донецк қаласында 4 ақпанда түсірілгені көрсетілген.

18 ақпанда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг "Украинада Ресей әскері, артиллериясы мен әскери қорғаныс күштерінің бөлімдері әлі белсенді әрекет ететінін" мәлімдеген.

Ұлыбританияның НАТО-дағы елшісі Адам Томсон Ресейді Минскіде қол қойылған қақтығысты тоқтату келісімі талаптарын орындауға шақырды.

Кремль Украинаға әскер мен қару-жарақ жөнелтетінін әдеттегідей жоққа шығарып келеді.

XS
SM
MD
LG