Accessibility links

Киев Украина шығысына бітім күштерін кіргізуге шақырды


Украина әскері Дебальцево қаласынан кетіп барады. 18 ақпан 2015 жыл.

Украина әскері Дебальцево қаласынан кетіп барады. 18 ақпан 2015 жыл.

Украина ресейшіл сепаратистер маңызды Дебальцево қаласын басып алған соң елдің шығысында қақтығысты тоқтату режимін бақылау үшін еуропалық бітімгерлік күштерін кіргізуге шақырды.

Сепаратистер бейбіт келісімді елемей, Луганск мен Донецк қалаларын байланыстыратын темір жол желісі өтетін Дебальцевоға бақылау орнатқан соң Украинаның екі жарым мың әскері қаладан кеткен.

Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі қақтығыс аймағына бақылау жасау үшін елге БҰҰ бітімгерлік күштерін шақыруды қолдады. Президент Петр Порошенко Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесіне "Біз елге Еуропа Одағының бітімгерлері келгенін дұрыс көреміз" деді. Оның сөзінше, Дебальцеводан әскер шығатын кезде алты украин сарбазы оққа ұшқан.

Украина мен батыс Ресейді Дебальцеводағы ұрыста әскер мен қару-жарақ берді деп айыптайды. Мәскеу айыпты жоққа шығарады. Дебальцевоның басып алынуы өткен аптада Минскіде Германия мен Францияның араағайындығымен қол жеткен келісімге нұқсан келтірді. Ақ үй келісім талаптарын орындамағаны үшін Ресейге жаңа санкциялар салыну қаупі бар деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG