Accessibility links

Грекия парламенті жаңа президент сайлады


Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас.

Грекия парламенті бұрынғы ішкі істер министрі, еуропашыл консервативтік саясаткер Прокопис Павлопулосты ел президенті етіп сайлады.

Грекияда президент лауазымының өкілеті шектеулі және негізінен символдық лауазым болғанымен, парламенттің жаңа мемлекет басшысын сайлай алмауы 25 қаңтарда мерзімінен бұрын парламент сайлауына әкеп соқтырған. Парламент сайлауында Алексис Ципрас басқаратын әсіресолшыл СИРИЗА коалициясы жеңіске жеткен.

Әсіресолшыл саясаткерлер халықаралық несие берушілер Афиныдан талап еткен қатаң экономикалық саясатқа үнемі қарсы шығатын. Халықаралық несие берушілер алты жыл ауыр экономикалық дағдарыста отырған Грекияға жеңілдетілген несиені қатаң экономикалық саясат жүргізу туралы шартпен ғана беріп келген. СИРИЗА коалициясы билікке келгелі жеңілдетілген несие алуды жалғастыру туралы келіссөз тоқтаған.

Ақпанның 18-інде Грекия үкіметі бүгін еуро қолданатын елдерге "несие келісімін" тағы алты айға ұзартуға өтініш беретінін мәлімдеген. Бірақ Германия "несие келісімін" созу мәселесі күн тәртібінде жоғын ескертті.

Еупопа одағының басты қаржы державалары, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк Грекия өзіне 240 миллиард АҚШ долларын бөлу туралы бұған дейін жасалған келісімге сай бюджет шығынын қысқартатын реформаларды жалғастыра беруі тиіс дейді.

XS
SM
MD
LG