Accessibility links

Обама: АҚШ исламмен күреспейді


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обаманың айтуынша, АҚШ ислам дінімен емес, оны бұрмалаушылармен күресіп жатыр. 18 ақпан күні Ақ үйде терроризммен күрес жөніндегі саммитте сөйлеген Обама "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы басшыларын діни жетекші емес, "террористер" деп атады. Обама ислам діні мен "Ислам мемлекеті" ұйымының арасында айырмашылық бар екенін айтты.

Барак Обама "Ислам мемлекеті" ұйымын "Әл-Қаида" сияқты шімірікпестен легитимділік іздеді және бүкіл әлемге қауіп төндіріп отыр" деді. АҚШ президентінің пікірінше, "Жазықсыз адамдарға қарсы зорлық-зомбылық жасау ислам діні мен мұсылмандарды қорғамайды, керісінше зиянын тигізеді" деді.

Бұрынғы президенті Джордж Буш та кезінде "АҚШ исламмен күреспейді" деп бірнеше рет мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG