Accessibility links

Есімов: Метроның екі станциясы биыл қосылады


Алматы әкімі Ахметжан Есімов тұрғындарға есеп беру жиынында сөйлеп тұр. Алматы, 19 ақпан 2015 жыл.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов тұрғындарға есеп беру жиынында сөйлеп тұр. Алматы, 19 ақпан 2015 жыл.

Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов бүгін тұрғындарға есеп беру жиынында Алматы метросының екі станциясы - "Сайран" және "Мәскеу" бекеттері биыл пайдалануға берілетінін хабарлады. Бірақ әкім станциялардың нақты қашан іске қосылатынын айтпады.

Есімовтің сөзінше, мемлекет бюджетіне құйылатын салық түсімінің төрттен бірі Алматының үлесінде және қала Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің бестен бірін қамтамасыз етеді. Әкім бұған қоса, Алматыда өткен жылы үш жолайрық салынып, 21 базардың жұмысы" ретке келтірілгенін", сауда-саттық "өркениетті жолға түсе бастағанын" айтты. Қалада бұдан өзге жеті базардың жерін қайтарып алу жұмысы жүріп жатыр.

Ахметжан Есімовтің айтуына қарағанда, өткен жылы қалада полицейлер миллионға жуық пәтерді тексеріп, бірқатар "қылмыстық элементтерді" тапқан және біраз қылмыстың алдын алған.

Қала әкімінің есеп беру жиынына премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысы отыр.

Есеп беру жиыны өтіп жатқан Республика сарайының залы лық толы. Бүгін таңертең Республика сарайына жақын маңда полиция экологиялық белсенді Абай Ерекеновті ұстап әкеткен.

XS
SM
MD
LG