Accessibility links

Ирак әскері ИМ шебіне жақындады


Ирак әскері «Ислам мемлекеті» содырлары басып алған Әл-Бағдади қаласына кірмек. Айн әл-Асад авиабазасына бекінген Ирак әскері ИМ шебіне жақындап, қаланы қайтарып алу жоспарын жасап жатыр. Ирактың қорғаныс министрі қала іргесіне Ирак әскерінің шоғырланғаны туралы видеоларды әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы 18 ақпан күні таратты. Айн әл-Асад базасында АҚШ-тың 320 әскери қызметкері Ирактың 7-дивизиясы сарбаздарын оқытып жатыр. Әскери базаға 13 ақпанда шабуыл жасалып, сегіз содыр қаза тапқан еді.

XS
SM
MD
LG