Accessibility links

Астанада имамдар форумы өтіп жатыр

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы (ортада) мен президент әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев (сол жақта) имамдардың тұңғыш форумында отыр. Астана. 19 ақпан, 2015 жыл. Сурет muslim.kz сайтынан алынды.

Астанада бүгін "Ислам - бейбітшілік пен келісім діні" тақырыбында имамдардың тұңғыш форумы өтіп жатыр. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының (ҚМДБ) баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбай Азаттық тілшісіне бірінші рет өткізіліп отырған форумға журналистер кіргізілмейтінін айтқан.

Форумға республика бойынша 500-ге жуық имам мен аудан, ауыл молдалары қатысып жатыр. Жиында президент әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын оқып берген.

ҚМДБ бұған дейін форумда "Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы", "Имамның тұлғалық бейнесі", "Дін қызметкерінің қызмет этикасы" сияқты маңызды құжаттар қабылдануы мүмкін деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG