Accessibility links

Шығыс Украинада атыс болып жатқаны хабарланды


Дебальцевода жүрген сепаратистер.
Дебальцевода жүрген сепаратистер.

Украина әскері елдің шығысындағы Дебальцево қаласынан шыққан соң сепаратистер Донецк облысының Широкино селосына шабуылдай бастады деп хабарлады арнайы операция штабының жетекшісі Анатолий Стельмах. Оның айтуынша, сепаратистер Широкиноны минометтен 13 рет атқылаған.

18 ақпанда бұл аймақта бір украин солдаты қаза тауып, біреуі жарақат алған еді.

Reuters агенттігі 18 ақпанда Украинаның шығысында 14 украин сарбазы мерт болғанын хабарлады.

Украина 19 ақпанда әскерінің 90 пайызы Дебальцеводан шығарылғанын мәлімдеді.

Ал сепаратистер 300-ге жуық украин солдаты тұтқындалғаны туралы ақпарат таратты. Алайда "Донбасс" батальонының командирі Семен Семенченко Facebook парақшасында бұл ақпараттың жалған екенін жазды.

XS
SM
MD
LG