Accessibility links

АҚШ "Талибанмен" кездесуді" жоққа шығарды


Ауған полициясы күдікті "Талибан" содырларын ұстап тұр. Джалалабад, 5 ақпан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Ауған полициясы күдікті "Талибан" содырларын ұстап тұр. Джалалабад, 5 ақпан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Вашингтон Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы мен АҚШ арасында 19 ақпанда Катарда бейбіт келіссөз өтеді деген ақпаратты жоққа шығарды.

Осыған дейін Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы 19 ақпанда Катарда АҚШ ресми өкілдерімен бейбіт келіссөздің бірінші кезеңін өткізетіндерін мәлімдеген. Талибтер өкілі Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбатында келіссөздің екінші кезеңі 20 ақпанда өтетінін айтқан.

Осыған дейін талибтер АҚШ-пен Ауғанстандағы қақтығысты тоқтатуға арналған бірнеше келіссөз өткізбекке тырысқан.

XS
SM
MD
LG