Accessibility links

Monaco-Boxer Gennady Golovkin (Kazakhstan) and Martin Murray (Great Britain) - 22Feb2015
Monaco-Boxer Gennady Golovkin (Kazakhstan) and Martin Murray (Great Britain) - 22Feb2015

Головкин Мюррейді нокаутпен жеңді

Азаттық вебсайты Астана уақыты бойынша ақпанның 22-сі күні таңғы 05.00 шамасында Монако орталығы Монте-Карло қаласындағы Salle des Etoiles спорт кешенінде басталған Головкин-Мюррей кәсіпқой бокс жекпе-жегінен live блоггинг жүргізді. Головкин қарсыласын 11-раундқа дейін бірнеше мәрте нокдаунға және нокаутқа жіберген соң, судья жекпе-жекті тоқтатып, қазақстандықты жеңімпаз деп жариялады. Азаттық тілшісі Руслан Меделбек - бұл ірі спорт шарасынан ринг түбінен репортаж жасау рұқсатын алып, ресми тіркелген 50 журналистің бірі болды. Геннадий Головкин - орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC версиясы бойынша әлем чемпионы. Кәсіпқой бокста 32 рет жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жеткен. Ұлыбританиялық Мартин Мюррей 32 кездесу өткізіп, 29-ында жеңіске жетсе, біреуінде тең түсіп, екеуінде жеңілген. Головкин әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Азаттық вебсайты Астана уақыты бойынша ақпанның 22-сі күні таңғы 05.00 шамасында Монако орталығы Монте-Карло қаласындағы Salle des Etoiles спорт кешенінде басталған Головкин-Мюррей кәсіпқой бокс жекпе-жегінен live блоггинг жүргізді. Головкин қарсыласын 11-раундқа дейін бірнеше мәрте нокдаунға және нокаутқа жіберген соң, судья жекпе-жекті тоқтатып, қазақстандықты жеңімпаз деп жариялады. Азаттық тілшісі Руслан Меделбек - бұл ірі спорт шарасынан ринг түбінен репортаж жасау рұқсатын алып, ресми тіркелген 50 журналистің бірі болды.

Геннадий Головкин - орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC версиясы бойынша әлем чемпионы. Кәсіпқой бокста 32 рет жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жеткен. Ұлыбританиялық Мартин Мюррей 32 кездесу өткізіп, 29-ында жеңіске жетсе, біреуінде тең түсіп, екеуінде жеңілген.

Головкин әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

06:35 22.2.2015

Жанкүйерлердің реакциясы

Головкиннің жеңісіне қуанған жанкүйерлер
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:14 0:00

Тағы

XS
SM
MD
LG