Accessibility links

Monaco-Boxer Gennady Golovkin (Kazakhstan) and Martin Murray (Great Britain) - 22Feb2015
Monaco-Boxer Gennady Golovkin (Kazakhstan) and Martin Murray (Great Britain) - 22Feb2015

Головкин Мюррейді нокаутпен жеңді

Азаттық вебсайты Астана уақыты бойынша ақпанның 22-сі күні таңғы 05.00 шамасында Монако орталығы Монте-Карло қаласындағы Salle des Etoiles спорт кешенінде басталған Головкин-Мюррей кәсіпқой бокс жекпе-жегінен live блоггинг жүргізді. Головкин қарсыласын 11-раундқа дейін бірнеше мәрте нокдаунға және нокаутқа жіберген соң, судья жекпе-жекті тоқтатып, қазақстандықты жеңімпаз деп жариялады. Азаттық тілшісі Руслан Меделбек - бұл ірі спорт шарасынан ринг түбінен репортаж жасау рұқсатын алып, ресми тіркелген 50 журналистің бірі болды. Геннадий Головкин - орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC версиясы бойынша әлем чемпионы. Кәсіпқой бокста 32 рет жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жеткен. Ұлыбританиялық Мартин Мюррей 32 кездесу өткізіп, 29-ында жеңіске жетсе, біреуінде тең түсіп, екеуінде жеңілген. Головкин әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Азаттық вебсайты Астана уақыты бойынша ақпанның 22-сі күні таңғы 05.00 шамасында Монако орталығы Монте-Карло қаласындағы Salle des Etoiles спорт кешенінде басталған Головкин-Мюррей кәсіпқой бокс жекпе-жегінен live блоггинг жүргізді. Головкин қарсыласын 11-раундқа дейін бірнеше мәрте нокдаунға және нокаутқа жіберген соң, судья жекпе-жекті тоқтатып, қазақстандықты жеңімпаз деп жариялады. Азаттық тілшісі Руслан Меделбек - бұл ірі спорт шарасынан ринг түбінен репортаж жасау рұқсатын алып, ресми тіркелген 50 журналистің бірі болды.

Геннадий Головкин - орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC версиясы бойынша әлем чемпионы. Кәсіпқой бокста 32 рет жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жеткен. Ұлыбританиялық Мартин Мюррей 32 кездесу өткізіп, 29-ында жеңіске жетсе, біреуінде тең түсіп, екеуінде жеңілген.

Головкин әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

01:11 22.2.2015

19 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында Геннадий Головкин: "Мартин Мюррей өте мықты боксшы. Мюррейді және оның командасын қатты құрметтеймін. Кездесуге, драмаға толы шоуға 100 пайыз дайынмын. Бұл көшедегі төбелес емес, нағыз шоу болады" деді.


Ал Мартин Мюррей: "Бүкіл кездесулерін видеодан көріп шықтым. Головкин бірде-бір рет жеңілмеген. Сондықтан оның осал тұсын таппадым. Дегенмен осы кездесудегі жоспарымды орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын" деді.

Тағы

XS
SM
MD
LG