Accessibility links

"Газпром" Шығыс Украинаға газ жеткізе бастады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ресейдің "Газпром" мемлекеттік компаниясы Украинаның шығысындағы сепаратистер бақылауындағы аудандарға тікелей газ жеткізе бастады. Газ жеткізу Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев энергетика министрлігіне "гуманитарлық көмек" жоспарын даярлауды тапсырған соң басталды.

Компания басшысы Алексей Миллердің айтуынша, Прохоровка мен Платово станциялары арқылы Шығыс Украинаға күніне 12 миллион текше метр газ жеткізіліп жатыр. Прохоровка Луганск облысының Ресеймен шекарасында, Платово Донецк облысының Ресеймен шекарасында орналасқан. Миллер газ "Газпром" мен Украинаның "Нафтогаз" компаниясы арасындағы сатып алу-сату келісімі бойынша жеткізіліп жатқанын айтады.

Бірақ "Нафтогаз" басшысы Андрей Кобалев "Газпромды" келісімді бұзып отыр деп айыптап, газ жеткізу процесін бақылай алмайтындықтан тасымалданған газ үшін ақы төленбейтінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG